«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы туралы

2016 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында «Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаптауларына қарсы іс-қимыл» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

29_07_1

Ғылыми іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастамасымен және осы атаулы тақырыпта ағымдағы жылдың 15 шілдесінде ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысында кеңес мүшелерінің ұсынымдарын жүзеге асыру бойынша жоспарының бір тармағы болып табылады.

Сот жүйесі, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің тікелей қатысуы және қолдаулары арқасында біз мәлімделген тақырып бойынша пікірлерімізбен алмасу мүмкіндігіне ие болдық.

29_07_2

«Дөңгелек үстелдің» негізгі баяндамашылары Қазақстан Республикасы ІІМ ӨҚД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Кушимов Нурхат және Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық бюросының Қостанай филиалының басшысы Миллер Анастасия болды.

Тақырыптың өзектілігі, бас бостандығынан айыру орындарына орналасқан тұлғалар азаптаудың құрбандары ретінде қарастырылуы мүмкін және олардың құқықтарын қорғану шектеулі.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 17-бабында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтыны» туралы маңызды қағиданы бекітті.

29_07_3

Осылайша, азаптауларға және басқа да қатыгез немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекетіне жол бермеу, қазіргі таңда конституциялық қағида болып табылады.

Азаптауды болғызбау үшін адамдардың бойына өзгенің жеке басына құрметпен қарауды, ізгіліктік қағидаттарға негізделген құқықтық сананы сіңіру қажет. Бұл, әрине, ұзақ уақытты керек етеді, алайда қаралып отырған мәселе өзінің өзектілігіне, азаптаудың қауіптілік дәрежесіне, сонымен қатар ондай іс-әрекеттерге тыйым салуды және оларға қарсы күрес жүргізуге қатысты тиімді құқықтық механизм жасау бойынша талаптарды көздейтін бірқатар халықаралық келісімдердің қатысушысы болып табылатын Қазақстанға жүктелген міндеттемелерге байланысты тез арада шешуді қажет етеді. Сондықтан бүгіннен бастап, тиісті білім беру, тәрбиелік, үгіт-насихаттық және мәдени мемлекеттік саясатты қолға алу керек.

29_07_4

Ұйымдастырушылар, азаптаулардың алдын алу жөніндегі бастапқы іс-шаралар ретінде ұсынады:

ІІО қызметкерлерінің және курсанттардың тәрбиелік, мәдени деңгейін арттыру мақсатында Академия базасында Мәдениет университетін құру туралы мәселе зерделеу үстінде. Мәдениет университеті болашақта, курсанттарға, сондай-ақ, ІІО және атап айтқанда ҚАЖ қызметкерлерін мәдени ағартушылық және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асырудың маңызды нысаны болып табылады.

2017 жылы Академияның ғылыми-зерттеу орталығы «Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаптауларына қарсы іс-қимыл» атты ғылыми зерттеу тақырыбына кіріседі.

29_07_5

Зерттеудің қорытынды мақсаты — қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға қолданатын қатыгездік қарым-қатынастың және азаптаулардың санын азайтуға мүмкіндік беретін ұйымдық-құқықтық нормаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

29_07_6

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты базасында, ІІО барлық санаттағы қызметкерлеріне күнделікті тәжірибесінде азаптаулар мен басқа да қатыгез іс-әрекеттеріне жол бермеу бойынша тренинг ұйымдастыру.

 

 

Академияның ғылыми-зерттеу орталығы Р. Мухтабаева

 

Об итогах работы «круглого стола»

 

 

28 октября 2016 года на базе Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева прошел «круглый стол» на тему «Противодействие пыткам в уголовно-исполнительной системе органов внутренних дел».

Научное мероприятие было инициировано Департаментом собственной безопасности МВД Республики Казахстан и является одним из пунктов плана по реализации рекомендаций членов Общественного совета по вопросам деятельности органов внутренних дел, заседание которого на аналогичную тему состоялось 15 июля т.г.

Благодаря поддержке и непосредственному участию представителей судебной системы, правоохранительных органов области, неправительственных организаций мы имели возможность обменяться мнениями по заявленной теме.

Основными докладчиками «круглого стола» были начальник Управления собственной безопасности ДСБ МВД Республики Казахстан Нурхат Кушимов и руководитель Костанайского филиала Казахстанского бюро по правам человека Анастасия Миллер.

Актуальность темы обусловлена тем, что лица, находящиеся в местах лишения свободы могут потенциально рассматриваться в качестве возможных жертв пыток и их права на защиту ограничены.

Статья 17 Конституции Республики Казахстан закрепила важное положение о том, что «Достоинство человека неприкосновенно. Никто не должен подвергаться пыткам, насилию, другому жестокому или унижающему человеческое достоинство обращению или наказанию»

Таким образом, недопустимость пыток и других видов жестокого или унижающего достоинство обращения в настоящее время является конституционным принципом.

Для того чтобы исключить пытки, нужно воспитать у людей уважение к личности, сформировать правосознание, основанное на гуманистических принципах. Это, разумеется, требует длительного времени. Однако рассматриваемая проблема не может быть отложена, она требует скорейшего решения в силу ее остроты, степени опасности пыток, наконец, в силу обязательств, которые несет Казахстан, являясь участником ряда международных соглашений, предусматривающих запрет подобных деяний и требования по созданию эффективного правового механизма по борьбе с ними. Поэтому уже сегодня, необходима реализация соответствующей образовательной, воспитательной, пропагандистской и культурной государственной политики.

Организаторами в качестве первоначальных мероприятий по предупреждению пыток предлагается:

В целях повышения воспитательного, культурного уровня обучающихся на базе Академии прорабатывается вопрос о создании Университета культуры. Университет культуры в перспективе будет являться важной формой реализации эстетического воспитания и культурного просвещения курсантов, а также сотрудников ОВД и в частности УИС.

В 2017 году научно-исследовательский центр Академии  приступит к научному исследованию темы «Противодействие пыткам в уголовно-исполнительной системе органов внутренних дел».

Итоговой целью исследования является выработка предложений направленных на совершенствование организационно-правовых норм, которые позволят снизить количество применяемых в уголовно-исполнительной системе пыток и жестокого обращения с осужденными.

На базе института повышения квалификации и переподготовки для всех категорий сотрудников ОВД организовать тренинги по недопущению использования в повседневной практике пыток и других жестоких видов обращения.

 

Научно-исследовательский центр Академии Р. Мухтабаева