Жолдауға қолдау

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолданған «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауы жыл бойы жер-жерлерде талқыланып, оны халық арасында қарапайым тілмен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Елбасы Жолдаудың алдындағы кіріспе сөзінде;

  • Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді, — деген еді.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты жаңа саяси бағдарды белгілеп берді.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың басты назарын жас буынға бағыттап, біздің жастар – келешектегі үмітіміздің іске асуы деп атап өтті. Мемлекеттің 2050 жылға қарайғы одан әрі даму жолын жастардың айқындайтынына сеніп артты.

28_03_1

Жолдауды ел арасында іске асыру жұмыстары қарқынды жүріп, бірталай күрделі істер шешімін тауып, іске асып жатқаны баршамызға аян.

Міне осы Жолдауды түсіндіру жұмыстары Қостанай қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жалғасын тапты. Жолдауды егжей-тегжей түсіндіру үшін, Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бекет Иманұлы Аймағамбетов арнайы атбасын бұрып, Академияның жеке және ауыспалы құрамымен кездесті.

Кездесуде сөз бастаған Академияның бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов мәртебелі қонақты кездесуге қатысушылармен таныстырып, Бекет Иманұлын кеңінен таныстырып өтті. Оның «Айбын» орденінің иегері және білікті басшы ретінде ел арасында кеңінен танымал екенін ерекше атап өтті.

Алғашқы сөзін Бекет Иманұлы Елбасымыздың Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіру үшін келгенінен бастады.

  • Құрметті әріптестер. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылғы 30 қарашада Елбасымыз қазақстандықтарға «Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар, даму» жолдауын арнаған.

Елбасымыз ол жолдауында әр салаға айырықша тоқталды. Сонымен бірге, бұл кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетумен ерекшеленеді.

28_03_2

Әрине, ол мақсаттар сіздерге жеткізілген, өздерің де, оқып, зерделеген шығарсыздар, сондықтан оларды қайталамай, жолдаудың әр аспектіне нақты тоқталмай, естеріңізге салатын, Жолдау бойынша менің қысқаша баяндамамнан кейін  кездесуімізді диалог түрінде жалғастырайық деп, — өтініш білдіріп, әңгімесін еркін түрдегі сұхбаттасу арқылы жеткізді.

Кездесу барысы Жолдаудағы негізгі бағыттар барынша түсіндіріліп, академиялықтардың сұрақ қоюымен жалғасын тапты.

28_03_3

Сұрақ арасында жемқорлық туралы да сөз қозғалды. Қоғам арасында жегідей құртқа айналған жемқорлық туралы  Ішкі істер департаментінің бастығы «Жемқорлық — ол еткен еңбегіңіздің, жинаған абыройыңыздың күлін көкке ұшыратын бір сәттік кезең, оны алған адам бір рет құтылады, өмірлік тұтылады» деп әдемі, әрі тұщымды жауап  берді.

Түсіндірме жұмыстарынан кейінде 4-ші курстың курсанттары жұмысқа орналасу туралы да өз ойларындағы сұрақтарын қойым, нақты жауаптарын алды.

28_03_4

Келелі кездесуде келелі кеңестер айтқан Бекет Иманұлы барлық Академияның ұжымына еңбектеріне табыс тіледі. Сөз соңында Академия бастығы  Мирлан Ахмедияұлы кездесуге келген қадірлі қонаққа алғысын білдіріп, болашақта тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жасай беретін әрі Жолдауға қолдау көрсете беретінін тілге тиек етті.

 

Мейрам Оспанов,

Қостанай академиясының баспасөз хатшысы