Жолдастық кездесу (Товарищеский матч)

Академияның 45 жылдық мерейтойы жалғасуда. Осы іс-шараның аясында Академияның курсанттарының құрама командасы мен магистранттардан құрылған команда арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Команда ойыншылары арасындағы қызу ойында екі команда кезек – кезек бір бірінің қақпасына доп соғумен болды. Ойын өте қызу тартыспен өтті, қатысушылар нағыз спортшылардан кем түспеді.

Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер демдерін ішіне тартып, футболшылардың әр қимылын, ойыншылар мен қақпашыларды бағып отырды. Магистранттар командасының ойыншылары соққан доп қарсылас команданы тұралатып тастады.

Қызу ойын магистранттар командасының жеңісімен аяқталды. Бізде жарысқа қатысқан командаларға жеңістің тұғырынан көріне беріңіздер демекпіз! Жарайсыңдар, ойыншылар!

 

Магистратура

 


В продолжение празднования 45-летия Академии, между командами магистрантов 1 и 2 курсов и курсантами ФОО был проведен товарищеский матч по футболу. Между командами разыгралась нешуточная игра, в которой никто не хотел уступать.

Футбол занимает немаловажное значение как для сотрудников так и для курсантов Академии. В целом игра была увлекательной и интересной, хотя игроки оказались серьезными соперниками друг для друга. Но благодаря серьезной группе поддержки со стороны магистрантов, в данной схватке победила команда магистрантов. Молодцы! Так держать!

 

Магистранты 1 и 2 курсов