Курсанттар ардагермен кездесті

2016 жылдың 16 қазаны күні күндізгі оқыту факультетінің 1-курс курсанттары ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы әділет полковнигі Зюбанова Татьяна Николаевнамен кездесу өткізді. Зюбанова Татьяна Николаевна ҚР ІІМ Қостанай арнайы орта мектебі құрылғанға дейін және кейін оқу орнының даму тарихынан қандай қызықтар мен қиыншылықтар болғандығын әңгімеледі.

Оқу орнымыздың осындай дәрежеге қалай жеткенін және қазіргі курсанттардың бақытты екендігін түсіндірді. Таңдаған мамандығының қыр сырын басынан өткен қызықты оқиғаларды әңгімелеп берді, курсанттар қызыға да сүйсіне тыңдап өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Курсанттарға аналық ақылы мен біз таңдаған мамандықтың ауыр да қиын екенін сөз қылған ардагер, бұл қызметке шыдамдылық пен төзімділік офицердің ең жақсы қасиеті екенін айта келе сөзін аяқтады.

Курс басшылығы курсанттарға ой салатын қызықты әңгімелеріне рахмет айтты.

 

1-курс курсанты

полиция катарындағы

Д.С.Ахметов