Қазақстан чемпионаты өтуде

Бүгін 15 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде екінші рет 23 жасқа дейінгі жастар арасында әскери самбодан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өткізілуде.

15_02_1

Аталған чемпионат қостанайлық жерлесіміз, академик Шаяхметов  Шайсұлтан  Шаяхметұлын еске алуға және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Академияның оқу орны болып құрылғанына 45 жылдық мерейтойына арналып отыр.

15_02_2
15_02_3
15_02_4

Қазақстан Чемпионатына еліміздің 9 облысынан келген 11 команда, 100-ден астам спорт майталмандары қатысуда. Жастары 23-ке толмаған, бірақ спортта талай жетістіктерге қол жеткізген спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер бақтарын сынауда.

Таңертен жауын көтерген чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі түстен кейін сағат 16.00-де ресми түрде арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен ашылды.

15_02_5
15_02_6

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде облысымызға, елімізге белгілі спортшылар құттықтау сөз сөйледі. Қонақтардан кейін сөз алған кілем иелері, Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Қаппасов құттықтау сөзімен, барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі;

  • Құрметті чемпионатқа қатысушылар, жатттықтырушылар және спорт жанкүйерлері!

Сіздерді бүгінгі әскери самбо күресінен ұйымдастырылып отырған Қазақстан Чемпионатына қатысуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл чемпионат Қостанай өңірінде бүгінгі таңда екінші рет ұйымдастырылып, көк туын желбіретіп отыр. Аталмыш жарыс өзіміздің жерлесіміз, самбо күресінен Кеңес Одағының  спорт шебері, Самбо және қазақша күрес бойынша республикалық федерациясының Президенті болған, белгілі академик Шайсұлтан Шаяхметұлы Шаяхметовті еске алуға арналуда.

«Ер есімі, ел есінде» демекші, ерін ардақтаған қазақ елі, осындай өр тұлғалы ұлдарын тағы да еске алып, осы жарысты ұйымдастырып отыр. Аталмыш чемпионатты ұйымдастырып отырған барша ұйымдастырушыларға академия басшылығының және барша қазақ елінің атынан алғысымызды білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Бүгінгі жарыстың қазіргі таңда елін қорғап жүрген жауынгерлерге, ведомстволық оқу орындарында оқып жүрген курсанттарға, әскери салада қызмет етіп жүрген азаматтарға тигізер пайдасы мол.

«Елбасының биылғы Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді»- дегендей, біршама ойлар айтты. Шынымен жастарымыз спортпен шұғылданып, темекі шегуден, нашақорлықтан, қылмыс жасаудан бас тартса, онда нағыз салауатты ұлт тәрбиесінің куәгері болар едік.

Құрметті жарысқа қатысушылар, бүгінгі чемипонатта жауырындарыңыз жерге тимей, еліміздің мықты спортшылары болуларыңызға және жарыста жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлеріңіздің көңілдерінен шыға берулеріңізге тілектеспін, -деді.

Құттықтаулардан кейін кейбір салмақ дәрежесіндегі жарыс жеңімпаздары марапатталды. Чемпионат туралы толық ақпаратты сайтымыздың келесі нөмірлерінен оқи аласыздар.
15_02_8
15_02_9
15_02_10