«Кино-Кубок-2016» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

2016 жылдың 1-2 қазан аралығында Ел ордасы Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кино-Кубок-2016» атты республикалық пікір сайыс турнирі өтті. Пікір сайыстың мақсаты жоғары оқу орындары студенттерінің кинодан алған ойларын бір ортаға шоғырландыру мен кино әлеміне деген көзқарастарын дамыту және отандық кино әлемінің жастарға берер әсерін бағалау болды. 30-дан аса командалар қатысқан тартысты турнирге ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-4 курс курсанттары қатысты.

11_02_1

         Аталған турнирде 2-курстың курсанттары А. Ақбергенов, Р. Мейрамова, Д. Мурзалина, А. Тайлахова кино туралы өздерінің айшықты ойларын ортаға салып, турниге қатысушылардың қалың қошеметіне ие болды.

11_02_2

11_02_3

11_02_4

Екі күнге созылған пікір сайыс барысында курсанттар алыс-жақын шет ел және отандық кино өндірісінің қайталанбас кино туындыларымен кеңінен танысып білімдерін шыңдады.

 

«Заң және тәртіп»

пікірсайыс клубы.