Академияда тәртіп пен тазалық басты назарда!

Осындай ұранмен кеше 5 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов бір топ комиссия мүшелерімен Академияның барлық аумағын,  ғимараттарын және жұмыс кабинеттері мен бөлмелерді аралап, тексеріп шықты.

06_01_1

Тексерісті Академия штабында орналасқан хатшылық бөлімнен бастады.  Атталған        кабинеттегі тазалыққа және жұмыстың тәртібіне көңілі толған басшы әрі қарай басқа жұмыс кабинеттерін аралап, кейбір кабинеттерге жөндеу жұмыстарын  жүргізу қажеттілігін айтып өтті.

06_01_2

Академия бастығы тексеріс барысында барлық қызметкерлерге академияда басшылықтың басты назарында жұмыс тәртібі мен тазалық екенін ескертіп, келелі кездесу өткізді.

06_01_3

Тылмен қамтамасыз ету бөліміне қарасты автотұрақтарды тексеріп, істен шыққан автокөліктерді белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану мерзімі жеткен автокөліктерді есептен шығарып шығынға жазуға және жөндеу жұмыстарын қажет ететін автотұрақтарды қалпына келтіруге тапсырмалар берді.

06_01_4

  • Мен Сіздерге таң қаламын. Өздеріңіз отырған жұмыс орындарыңызды неге күтіп ұстамайсыздар. Мемлекет жауапты екен деп, салғырттық танытуға болмайды ғой. Сіздердің екінші үйлеріңіз, сондықтан отыратын отырындарыңызды таза ұстау ол сіздердің қалай жұмыс жасап жатқандарыңызды көрсетеді. Сіздерге кім айтты?, тек кеңселік кабинет қана таза, әрі жақсы болу қажет деп?… Бұл автокөлік тұратын тұрақта қалыпқа сай таза, әрі күтімді болу қажет. Құрметті менің қызметкерлерім, Сіздерден талап ететінім ол, тәртіп пен тазалық. Егер осы екеуі жақсы үйлесім тапса, жұмыстарыңыз алға басады, — деді, тексеріс барысында Академия бастығы.

06_01_5

Осылай біраз ғимараттар мен кабинеттерді аралаған басшылар курстарға да бас сұқпай кеткен жоқ. Тексерістің басы біраз ескертулер мен тапсырмаларға толы басталды. 3 курсқа кірген бастықтың көңілі бірден жадырап шыға келді. Өйткені курстағы холлдағы әсем безендірілген қабырғалар, жатын бөлмедегі жаңа жөндеу жұмыстары, курс бастығының өз қолымен жасаған кабинеттегі жөндеу жұмысы, Мирлан Ахмедияұлы мен комиссия мүшелерін бей-жай қалдырған жоқ. Курстық жеке құрамымен кездескен Академия бастығы 3 курс бастығы полиция капитаны Марат Мурзагалиевке ауызша алғысын білдіріп, басқа да қызметкерлерге және курстарға үлгі болатынын айтып тілге тиек етті.

  • Бұл жерде Сіздердің шынайы еңбектеріңізді, курстың курсанттары мен оның ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындарыңызды көріп, отырмын. Курстарыңыз таза, әрі көрікті. Осылай талмай, шаршамай қызмет ете беріңіздер, мен Сіздерге ризамын, -деді көңілі толған басшы.

Бір күндік тексерудегі айтқан алғыстар мен ескертулерді тізіп жазу мүмкін емес. Осы орайда тек Академия басшылығы мен комиссия мүшелері Академияның әжетханасынан бастап, жер төлелеріне дейін, ерінбей тексеріп шыққандығын айта кеткім келеді. Жер төледегі жылу құбырлары барлығы толықтай іске жарымды, әрі жылу мерзімін беруге әзір. Тексеріс қорытындысы бойынша Академия толықтай қысқы мерзімге дайын екеніндігіне көзіміз жетті.

06_01_6

Қысқасы осы тексерісте Академияның аумағы мен ғимараттары біраз кішігірім қоқыстардан тазарып қалғанын байқадық. Жалпы тексеріс барысында ескертулерден  гөрі, басшылардың айтқан алғыстары басым болды. Соған қарағанда академиялықтардың ұйымшылдықпен істеп жатқан жұмыстарының нәтижелері бар екендігін аңғаруға болады.

06_01_7

06_01_8

Міне, осылай басшылар шынайы талап етсе, қызметкерлер ауызбіршілікпен қызмет етсе, Академияның алдағы алар асулары әлі алда деп ойлаймыз.

06_01_9

06_01_11

06_01_12

06_01_13

06_01_10

Академияның баспасөз хатшысы  

 Мейрам Оспанов