«Қарттарын қадірлеген ел ардақты!»

Қарттар – біздің асыл қазынамыз.Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ардақтыларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек құндылық. Себебі, талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірді. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

04_01_1

Осы мерекеге орай ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атыдағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары үлкендерді сыйлау мен құрметтеуді әрдайым үлгі тұтып, асханамыздың зейнеткер аспазшысы Нина Архиповна Лемешеваға өз алғыстарын білдірумен қатар, мерекемен құттықтап қайтты.

 

3 курс курсанты полиция

қатарындағы Маликова У