Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күні

2016 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облысы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясында Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлері күнін атап өту мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлері ретінде  ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 4 курстың оқуда озат  курсанттары және Академия басшылығы қонаққа шақырылды.

 03_10_1

Қазақстан Республикасының әділет органдары мен ішкі істер органдарының адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы міндеттері мен мүдделері бір болғандықтан — бұл мереке ішкі істер органдары қызметкерлері үшін де ортақ қуаныш болып табылады.

03_10_2

Кеш барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов әділет органдарының кызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап үздік көрінген қызметкерлерді төс белгілермен және мадақтамалармен марапаттады, кеш қонақтарына концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

03_10_3

Мұндай іс-шаралар Академиямыздың курсанттарын  болашақ қызметтеріне деген ынтасын арттырып, отансүйгіштікке және антына адал болуға тәрбиелейтіндігіне сенімдіміз.

03_10_4

 

401 оқу тобының кураторы

полиция подполковнигі  

Жанар Бухметова