Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара

Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 14 желтоқсан 1990 жылы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кеңінен аталып өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады.

Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі- оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие.

Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанын жануға жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздық қасиеті жас буын  ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.

Жастардың бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, курсанттарды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және курсанттардың бойына әдептілік пен адами қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 2016 жылғы 30 қыркүйек күні полиция капитаны В.С. Касенованың ұйымдастыруымен
314 оқу тобының курсанттары ҚР ІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ардагері әділет майоры Сафин Эдуард Самигулловичті қарттар күнімен құттықтауға барды.

Сафин Эдуард Самигуллович зейнеткер, биыл 70 жасқа толады. Ол курсанттарға салауатты өмір сүру, спортпен шұғылдану керектігін айта келе өзінің күнделікті таңертен жүгіріп, кәріліктің алдын алып жүргендігін тілге тиек етті. Курсанттар ардагерге зор денсаулық тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Ардагер Э.С. Сафин курсанттардың келгеніне өте қуанышты екенін білдіріп, алғысын жаудырды.

03_03_1

Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.

03_03_2

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлап, қадірлеңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар!

 

Венера Касенова

314 оқу тобының кураторы

полициякапитаны