“Қариялар асыл-жандар”

01_01_1

2016 жылдың 30 қыркүйегінде ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары қарттар күніне орай аяулы да – ардақты қарттарымызбен жылы кездесу өткізді.

Кездесуде курсанттар қарияларымызға арнап көптеген сый сияпаттар тарту етті, гүл шоқтарын ұсынды және ыстық лебіздерімен шексіз алғыстарын білдірді.

Қарттарымыз көпті көрген дана, әрі дараларымыз жүздеріндегі қатпар басқан әжімдерінде талай ұмытылмас оқиғалардың және қуанышты сәттердің жатқанын жасырмады.

Қарттарымыздың саулығын тілеп барған курсанттарға өте риза болды, жүздері қуаныштан бал-бұл жайнап, көңілдері толқып, жүректері елжірегендей ғажайып күй кешті. Жүректері жұмсақ тәңдері  нәзік қарттарымыз курсанттарға шексіз алғыстарын айтып, шын жүректен ақ баталарын берді.

 

 

01_01_2 01_01_3

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думан