Кітапханадағы тілдер күні 28.09.2016 2016 жылдың 27 қыркүйегінде Академияның кітапхана қызметкерлері Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырып, 1-2 курс курсанттарымен кездесу өткізді. Курсанттармен бірге, взвод кураторлары З.М. Сүйеубаева, Р.Б. Қалиярова, Д.Т.Меңдібаева және ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлері Г.Б. Қожмұхамедова, Ш.Ж. Толқынбаеваларда көрмеге қойған материлдарды зерделеп, тақырыпқа сай өз ойларын білдірді. Көрермендер кітапхана қызметкерлерінің тақырыпқа сай жасаған кітап көрмелерін тамашалап, қызметкерлердің еңбектеріне көңілдері толды. Көрменің «тақырыптық» деп аталу себебі, аталмыш көрмеге еліміздегі тілге қатысты жарық көрген мақалалар, заңдар және кітаптар және журналдармен көмкерілген. Осы тақырыпты қорытындылай келе, көрмеге қатынасушылар рухани байлыққа қол жеткізгендей болды. Бұл іс-шараға қатысқандардың барлығының ойында, жүрегінде осы тақырыптың мағынасы ұзақ уақытқа дейін сақталады деген сенімдеміз. Өйткені барлығымыз осы кездесу барысында жақсы әсер алдық. Тіл қарым-қатынасқа ғана емес – бұл елдерді жақындастыратын және әр халықтың ой – санасын нұрландыратын, қызықтыратын құрал деген пікірге келдік . Академияның кітапхана меңгерушісі С. Әмірова