Конституциялық Кеңестің мүшесімен кездесу өтті

24 қыркүйек айында  Конституциялық Кеңестің мүшесі Үнзила Шапақпен кездесу өтті. Кездесу  барысында Үнзила Шапақ Конституциялық Кеңес жұмысының міндетін баяндады. 3 курс курсанттарының белсене қатысуымен өткізілген дәрісте көптеген сұрақтар талқыланды. Ол Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие екенін айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

28_01_1

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

28_01_2

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:

  • Республика Президентінің сайлауы;
  • Парламент депуттарыныңсайлауы;
  • Республикалық референдумөткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

  • Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;
  • Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:

  • Конституция нормаларынаресми түсінік береді;
  • Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпентиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылатындығын айтты.

28_01_3

 Конституциялық Кеңес мүшесімен кездесіп дәріс тындау бізге үлкен құрмет болды. Курсанттар өз ойларын кеңейту арқылы көкейкесті сұрақтарына жауап алды. Курсанттардың бедсене қатысуымен осындай дәрістердің оқылуы бізге жан жақты дамуына үлкен септігін тигізеді.Осындай  дәрістердің көп оқылуын сұраймыз.

28_01_4

 

28_01_5

28_01_7

28_01_6

28_01_8