Думанға бөлеген «Домбыра-думан»

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына 45 жыл толуына орай, қыркүйек айының 23 жұлдызында «Домбыра-думан» атты республикалық сайыс өткізілді. Шара «Мирас» мәдениет сарайында болып өтті. Сайысқа Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Петропавл қалаларындағы ведомстволық оқу орындарының курсанттары қатысты. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайыс соңында қазылар алқасымен шығарылған қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталып,  марапатталды. Айта кететін болсақ, «Күй» номинациясы бойынша «Талас» күйімен 2-ші жүлделі орынға даңқты генерал атындағы академиямыздың 4-курс курсанты Даутов Қуаныш иеленсе, келесі «Дәстүрлі ән» орындау номинациясы бойынша 3-курс курсанты Сүлеймен Мұхит жүлделі 1-орынды иеленді. Осы кешке арнайы Ресей Федерациясынан келген және де  Қазақстан Республикасының билік өкілдері мен ардагерлер атынан келген құрметті меймандар шақырылды. Осындай академияның думанды 45 жылдығына арналған мерекелік іс-шара 1-курс курсанттарының ант қабылдауымен жалғасты.

27_03_1

27_03_2

27_03_3

27_03_4

27_03_5

27_03_6

27_03_7

27_03_8

27_03_9

 

Күндізгі оқыту факультетінің

2-курс курсанты

Малик Ақмарал