Академияның мерейтойы жалғасуда

Бүгін 23 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қостанай облысының 80 жылдығына және Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу орны болып құрылғанына 45 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараның жалғасы қалалық «Мирас» мәдениет үйінде обылстық «Қостанай таңы» газеті және ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұйымдастаруымен республикалық «домбыра-думан» шығармашылық фестивалімен ұласты.

23_02_1

Алғаш рет тобыл өңірінде бастау алған домбыра-думан республикалық деңгейге көтеріліп, қазақтың ұлттық аспаптары биіктеді. Облыстық «Қостанай таңының» тың жобасын Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы бірауыздан қолдап, биік деңгей де фестиваль ұйымдастырып, халыққа паш етті.

23_02_2

Фестивалдің ашылу салтанатында Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған шараға оң бағасын беріп, келген қонақтардың қадамына сәттілік,  сайысқа қатысушыларға ақ батасын берді.

23_02_3

Фестивальге алыс-жақын шетелден келген қонақтар, ІІМ министрлігінің өкілдері, басқа да құрметті қонақтар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген күй және дәстүрлі ән номинацияның 20-дан астам сайыскерлері қатысты.

23_02_4

Фестивальдің толық қорытындысын және жеңімпаздардың аты –жөні туралы ақпаратты сайтымызда келесі күндері орналасқан ақпараттарынан көре аласыздар.

23_02_5

23_02_6

23_02_7

23_02_8

23_02_9

23_02_10

23_02_11

23_02_12