ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ ЖӨНІНДЕ ОЙ ҚОЗҒАЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан халықтары тілдері күніне орай біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 1 және 2 курс магистранттары, сырттай оқыту факультетінің тыңдаушылары ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатовпен кездесу болды.

 

22_02_1

22_02_2

22_02_3Кездесу барысында заман талабынан туындап отырған үш тұғырлы тіл жөнінде ой қозғалды. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында. Осыған байланысты Н. Мұқатов ағамыз: бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты, деп тыңдаушыларға ағалық, даналық сөздерін айтты.

22_02_4

22_02_5

22_02_6

Бұдан  басқа, күнделікті күйбең тіршілікті бір мезет те болса ұмыт қалдыратын поэзия толқындарына жетелеп, жырымен өлең кестелеп, жастарымызды елітіп әкетті.

Осындай естен кетпес кездесулер әлі де болса жалғасын таба бермек.

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

      білім беру институты магистратурасы