“Отбасылық мереке”

 19_02_1

2016 жылы қыркүйек айының 18-күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары, Қостанай қалалық “Мирас” мәдениет үйіне «Отбасы күніне» байланысты концертті тамашалауға барды.

Концерт “Отбасылық мереке” тақырыбында өрбіді. Бұл іс-шарада  көптеген қойылымдар қойылып, көрермендер көңілінен жылы орын алды. Сахнада отбасы күніне арналған ән-шашулар айтылып, мың бұралған бишілер би-билеп, сахналық қойылымдар көрсетті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай “Отбасы бұл-Отанының бастауы, оның құрамдас бөлігі” болып табылады. Бүгінде отбасыға деп қалайша 365-күннің біреуін арнамасқа ?!-дегендей көптеген ой-толғаулар айтылуда.

Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара көпшіліктің көңілінде түйінді             ой қалдырғаны анық. Курсанттар да бұл іс-шараның өздеріне қатты ұнағандығы жөнінде айтып, сүйікті де, қымбат отбасыларына  деген сағыныштарын жасырмады.

Отбасы – Отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер

жарқырай көрініп қалыптасады.

Аман болсын Отбасымыз мүшелері,

Таси берсін ырыс құт, өзендері.

Қайда болсын әр дайым ойнап күліп,

Көтеріңкі жүре берсін көңілдері… – деп бізде отбасымыздың амандығын тілейміз.

 

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Сундетбаев Нурдаулет

19_02_2

19_02_3