Қант диабетінің алдын алу…

15_01_1

2016 жылдың 13-қыркүйегінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясында курсанттар үшін арнайы «Қант диабетінің профилактикасы» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Бұл дәрісте Қостанай облысы әкімшілігінің тапсырмасы бойынша  «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық аурухананың жоғары дәрежелі дәрігері Н.В Жаркова және психолог  А.С Ерохина түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дәрісте қант диабетінің бүгінгі ахуалы жайлы және оның қоғамда белең алып, адам өміріне деген қауіпі туралы  сөз қозғалды.

Академияның 2  курс курсанттары дәрісті зейін қойып тыңдап, өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарды қойып, керекті мағлұматтарын алды. «Ақ көгершін» өкілдері курсанттарға өз денсаулықтарын күтулерін өтініп, елімізге өте керекті азаматтар екендіктерін айтты. Курсанттар іс-шара соңында дәріс оқушы ақ халатты жандарға шексіз алғыстарын айтып, қошеметтерін жаудырды.

2 курс курсанты

ТУРСЫНБАЙ ДУМАН

15_01_2

15_01_3