Академия басшылығы жаңа оқу жылына келген барлық курсанттармен кездесті

2016 жылғы 31 тамыз күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов және академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Ербол Қаппасов, полиция подполковнигі Олжас Сейітжанов, академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қайрат Айтқұлов және курс басшылығы жаңа оқу жылына келген барлық курстың курсанттарымен кездесу өткізді.

Академия бастығы алғашқы кездесуді бірінші курстың курсанттарынан бастады. Олардың екі апта бойы «жас жауынгерлер курсында»  немен шұғылданғандарынан бастады. Барлық курсант орман ішінде өткен екі апталық оқу-жаттығулары ойдағыдай өткенін бір ауыздан қуанышпен жеткізді.

Бастықпен өткен кездесу курсанттар арасында еркін түрдегі сұрақ-жауаппен өтті.

Кездесу барысында академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы  академия табалдырығын алғаш рет аттап отырған курсанттарға, болашақта ел мақтанар, үлгілі офицер болуларына тілектестік білдірді.

Тіпті кездесу соңында академия басшылары жастық шақтарын еске алып, бірінші курстың курсанттарымен асханада бір дастархан басында тамақ ішіп, бір нанды бөліп жеп, кейінгі ұрпаққа достықтың, бауырмалдықтың тамаша үлгісін көрсете білді.

Бірінші рет басшылармен ас ішкен курсанттардың қуанышын да шек болмады. Тіптен кейбіреулері академия бастығымен дәм татқан курсанттар бұл істі жақсылыққа жорып, болашақта басшылар секілді бастық болуды армандайтындарында жасырмады.

Бірінші курспен кездескен соң, кездесу кезегі екінші курсқа келді. Бұл кездесуде Мирлан Ахмедияұлы курсанттардың демалыстан аман-есен оқу орнына оралғандарына қуанышын білдірді. Осы курсқа биыл Академиямызда жоғары деңгейдегі «мәдениет, тәртіп және біліктілікті, білімді жетілдіру» жылы деп жариялады.  Басшыдан осындай жылы лебізді естіген курсанттар алдағы оқу жылдарында да осылай кейінгі және алдыңғы курстың курсанттарына үлгі болып қала беретіндеріне бір ауыздан сөз берді.

Академия басшылығы екінші курстан кейін 3-4 курстың курсанттарымен кездесу өткізді. Жоғары курстың курсанттарына оқуда жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуларын тілге тиек етті.

Барлық курстық курсанттарымен кездескен соң, Академия бастығы курс басшылығына осылай жұмыстарын әрі қарай жақсы бағытта атқаруларына жылы лебізін білдірді.