Негізгі Заңға арналған мереке өтті!

«Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 

 

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз — еліміздің Конституциясы қабылданып, бұл күн «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Конституция күні — барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрам. Мемлекеттіліктің негізгі тірегі Конституцияның тарихи маңызы болып табылады. Өйткені, Ата Заң – оның негізінде жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика құрылып жатқан берік іргетас екендігі баршаға белгілі.

Қазақстандықтар үшін Конституцияның қабылдануы тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталуымен бейнеленеді. Конституция – Қазақстанның тұрақты дамуы мен гүлденуінің берік негізі болып табылады. Сондықтан қолданыстағы Конституцияның әлеуетін барынша пайдалану қажеттігіне ерекше назар аударылып отыр. Осы арқылы Елбасының дұрыс демократиялық мемлекет құрудағы рөлі айқындала түсуде.

Ата Заңымыздың күніне орай 2016 жылғы 31 тамыз күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 205, 211, 212 және 314 оқу топтары курсанттарының арасында аталған мерекеге арналған кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Ата Заңымыздың қабылдану тарихы, «Конституция» сөзінің шығу тарихы, оның мағынасы, Қазақстандағы енгізілген  бірінші заңдар туралы айтылды.

Сонымен қатар курсанттар арасында Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша білімін тексеруге мүмкіндік беретін взводаралық викторина өткізілді.

Курсанттар барлық сұрақтарға барынша дұрыс жауап берді, болашақ офицерлердің Қазақстан Республикасының Негізгі Заңын жақсы білулері міндет және оны қатаң сақтайтыны сөзсіз.

 

 

Ерик Акимжанов
205 оқу тобының кураторы
полиция майоры

Сауле Байгабулова
211, 212 оқу топтарының кураторы
полиция майоры

Венера Касенова
314 оқу тобының кураторы
полиция капитаны