Курсанттардың шыдамдылығы пен төзімділігінің символы — 25 шақырым

2016 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясының былғы жылы оқуға қабылданған бірінші курс курсанттары академияның оқу-дала лагеріндегі жас курсанттар курсын ойдағыдай аяқтады.

Екі апта бойы орман арасындағы лагерде болған курсанттар әскери өмірдің дәмін татып, академияның жарғыларын, тәртіптерін жатқа жаттап, курсанттық өмірдің қыр-сырын үйренді.

Енді міне бүгін барлық бірінші курстың курсанттары Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қайрат Жәукенұлы Айтқұлов және бірінші курстың басшылары бастаған 250 курсант, академияның оқу-дала лагерінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әскери жедел-жүгіріс 25 шақырым жүгіріп келді.

Барлық курстың ұлдары – қыздары бас қосқан аламан жүгірісте курсанттар өздерінің денсаулықтарының мықтылығын және қиындыққа деген сабырлықтарын дәлелдей түсіп, шыдамдылықпен Академия қабырғасына жүгіріп келді.

Оларды Академия алдында барлық офицер мырзалар мен Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Қаппасов және Академияның қонағы Қостанай облыстық маслихатының хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Есщанов салтанатты түрде сап түзеп қарсы алды.

Ербол Төлегенұлы офицерлер мен курсанттар алдында құттықтау сөз сөйлеп, ертеңгі аталып өтетін Конститутция күнімен құттықтап, бірінші курстың курсанттарына болашақта сәттілік тіледі.

Салтанатты бас қосуда академияға еңбегі сіңген бір қатар қызметкерлерді мадақтау қағаздарымен және академия бастығының атындағы алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты бас қосу соңында курсанттар өлең айтып, концерттік бағдарламаға ұласты.