Жас курсанттардың бір күні спортпен өтті

Бүгінгі күн қалған күндерден маңызды болды. Курсанттар ең алғашқы спартакиадасын жоғары деңгейде өткізді.

Спартакиада қыздар арасында спорттың үш түрінен ұйымдастырылды.

1. Жақын қашықтықта яғни 100 метрге жүгіру. Бұл спорттың түрінен көзге түскен курсант Рассказова Тамила.

2. Алыс қашықтыққа 1 км-ге жүгіру. Бұл спортта көзге түскен курсант Чужинова Ольга

3. Пресс жасау. Темір пресс атағын жеңіп алған курсант Алимбаева Меиргуль

 

Ұлдар арасында жеті түрлі спорттық сайыс өтті.

1. Қол күрес сайысында бірінші орынды курсант Арынгазин Каджимурат иеленді.

2. Күш атасын танымас дей отырып гір тасын көтеруден бірінші орын иеленген курсант Жармаганбетов Бахтияр.

3. Турниктен екі түрлі сайыс өтті:бірі тартылу болса,екіншісі тартылып алға айналу. Бұл сайыстан ерекшеленгендер курсанттар Айбек Жайлау,Амирхан Ермахан,Серикжанов Нурбол

4. Қысқа қашықтықтан яғни 100 метрге жүгіруден бағы жанған курсант Сырғабай Сағынғали.

5. Алыс қашықтықта 3 км жүгіруде   Жүзден-жүйрік  Мыңнан тұлпар болып өз қарасыластарынан дес бермеген. Курсант Мұхамедсапов Нұрсұлтан

6. Әрі қарай сайысымыз УАЗ автокөлігін итерумен жалғасты. Бұл спорттың түрінде көзге түскендер 3-ші топтың  курсанттары болды.

7. Соңғы сайысымызда білектілермен жүректілермен сайысы арқан тартыс болды. Бұл жерде топтың ұйымшыл екендігін көрсету басты мақсат болды.

Бұл спорттың түрінде ұйымшылда мықты болған 9 топ.

Курс басшылығымен жауынгерлік және дене-шынықтыру кафедрасының оқытушысы Шур Юрий Василиивичтің  ұйымдастырумен өткен спартакиаданың қорытындысы бойынша   9 топ -1 орынды, 3 топ -2 орынды,   7 топ -3 орынды иеленді.