Академияның оқу дала лагерінде «жас жауынгерлердің курстық» оқу жаттығулары басталды

Тамыздың 14-15 жұлдызында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының биылғы оқу жылына қабылданған 1-ші курстың курсанттары Академияның оқу дала лагеріне «жас жауынгерлер курсына» оқуға келді.

16_01_1

16_01_2

Жас курсанттарды Академия бастығының міндетін атқарушы  полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Қаппасов және академия басшылығы, курс басшылығы қабылдап, жас жауынгерлерге оқуда сәттілік тіледі.

16_01_3

Салтанатты жиында сөз алған Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковингі Е. Қаппасов құттықтау сөз сөйлеп, барша курсанттарға 4 жыл бойы жақсы оқып, Академияның қызметтік тәртібін және жарғыларын бұзбауға шақырып, ақ тілегін білдірді.

16_01_4

Көтеріңкі көңілмен келген курсанттар да Академияға оқуға түскендерін мақтанышпен айтып, бір-біріне құттықтаулар айтты.

16_01_5

Енді олар орман ішінде 15 күн бойы спорттық ойындар, мәдени іс шаралармен айналысып, әскери тәртіптің қыр-сырына үйренеді.

16_01_7

Жалпы, Академияға оқу қабылданған курсанттардың жағдайы жақсы, мезгілінде сапалы тамақтар беріліп, таза төсектеріне орналастырылды. Бұл жағдайды Ербол Төлегенұлы өз бақылауына алып, барлық жағдайды тексеріп шықты.

16_01_6

16_01_8

Бізде жас курсанттардың армандаған оқу орны Академияға оқуға түскендерін құттықтай отырып, сәттілік тілейміз.

16_01_9

16_01_10

16_01_12

16_01_13