«Жас курсанттар курсы» басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірінші курсына оқуға түскен курсанттар  оқу-дала лагеріне келді. Курс бастығы полиция подполковнигі А.А. Тажмұханов әріптестерімен жас курсанттарды жылы шыраймен қарсы алды.

Курсанттық өмірдің не екенін білмейтін , мектепті енді ғана бітірген жас жеткіншектерге курс басшылығы бірінші күні калай киіну керектігін нақтылап түсіндірді, және де барлық курсанттарды взвод-взводка бөлді. Взвод командирлерін тағайындап,  өз жұмысына кірісуін бұйырды.

Курс бастығы полиция подполковнигі А.А.  Тажмұханов ата-аналармен тілдесіп, екі апталық жас жауынгерді әзірлеу курсының қызығы мен шыжығы мол  курсанттық өмірімен таныстырды.