Биылға жас талапкерлер Академияның есігін ашты 20.07.2016 2016 жылғы 18 шілде күні ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына биылғы жылдың талапкерлері келді. Қабылдау комиссиясының айтуынша осы жолы 500-ге жуық талапкер құжат тапсырып, бақтарын сынамақшы. Жас талапкерлерді академияның тәрбие жұмысы бөлімі күнделікті қызықты іс шаралар ұсынып, іштері пыспайтындай етіп, қарсы алмақшы. Еліміздің түкпір – түкпірінен арман қуып келген жас талапкерлердің барлығы осы оқу орнына түссек деп армандап отыр. Егер армандары орындалып, оқуға түсетін жағдайда олар еліміздің патриоты болуға дайын екендіктерін айтып өтті, таңғы саптарамда тұр жас талапкерлер. Бізде білім қуып келген жастарға жорытқанда жолдарың болсын демекпіз.