«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын курсанттардың оқу жаттығуы

13_02_1

2016 жылғы 12 шілдеде ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 1-3 курс курсанттарының кешенді оқу жаттығуы өткізілді.

13_02_2

Кешенді оқу жаттығуы барасында курсанттар тандаған мамандықтары бойынша пробация қызметінің нақты жұмысына жақындастырылған жағдайларда өздерінің функционалдық міндеттерін атқарудың практикалық дағдыларын орындап жаттықты. Оқытушылардың басшылығымен курсанттар кәсіби мендеттерді шешуде түрлі нұсқаулар алу мумкіндігіне ие болды.

13_02_3

Қатысушыларға орындауға түрлі тапсырмалар ұсынылды. Тапсырмалар орындау барысында курсанттар «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша пәндерді оқығанда алған білімдерін пайдалана алатындай мақсатта құрастырылды. Курсанттар тіркеудегі адамдармен әнгімелесу жүргізгенде мінез құлықтын тиімді моделін таңдап қалыптастырды, сотталғанды тіркеуге қойғандағы іс әрекетердің алгоритімін тізбектеп орындады, өзгермелі жағдайларда жедел қимыл жасап және тиімді шешімдерді қабылдап жаттықты.

13_02_4

Оқу жаттығу нәтижесі бойынша жалпы талдау жасалды, ойнауға қатысқан топтардың барлық мүшелерінің іс-қимылдарына баға берілді.

13_02_5

13_02_6

Өткізілген іс-шара курсанттардың алған теориялық білімдерін жүйелендіруге, қалаған мамандығына және алдағы кәсіби қызметіне деген танымдық қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру

кафедрасының оқытушысы полиция капитаны

Примкулова Алмагуль