Қостанай облысы ІІД мұражайына саяхат

Жақында Қазақстан полиция күнің мерекелеуіне байланысты 105 пен 201 оқу тобының кураторлары курсанттарын полиция майоры Е.С. Акимжанов, полиция капитаны А.Б. Ақылбекова Қостанай облысы ІІД мұражайына саяхат ұйымдастырды.

11_01_1

Ішкі істер органының зейнеткері  Павел Григорьевич Щедрин мұражайда саяхат өткізді. Ол Қостанай облысы ішкі істер органдарының құрылу тарихы туралы және де қызметтік міндеттерін атқарған кезде апатқа ұшыраған қызметкерлер туралы айтып кетті. Оларды есіне түсіру үшін ІІД ғимаратының жанында монумент-қабырға орнатылған, соның ортасында батырлардың аттары және де аумақтағы аса көрнекті құқыққорғау органдарының тұлғалары мәңгі есте сақталған. Қазақстан Республикасы Ішгкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары мен офицерлері бір минут үндемей тұрып құрмет белгісін білдірді.

11_01_2

Содан соң біз Қостанай облысы ІІД ғимаратына кіріп, жаңартылған полиция мұражайға барып қайттық, мұражайдын көлемі  400 шаршы метр. Мұражай бір неше залдардан тұрады: көрме залы, генерал залы және кинозал.

11_01_3

Мұражай экспозициясында Қазақ хандығының құрылуынан бастап қазіргі уақытқа дейін тарихтық кезеңдер қамтылған.

11_01_4

Экспозицияда полиция және милиция тарихына байланысты әр түрлі экспонаттар шығарылған: әр түрлі модификацияланған жауынгерлік қарулар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімдері, арнайы криминалистикалық техника, Қостанай облысындағы генералдардың нысанды киімдері мен жеке заттары, батырлардың сүретімен стенділер, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік бұрышы, спорттық жетістіктер бұрышы.

11_01_5

Мұражай сақтаушысы Павел Щедрин айтуынша,  мұражайдын 45-жылдық тарихында, мұражайды тоқсан мыңнан көп адамдар келді.

11_01_6

Мұражайдың құрылуына себепкер болған милиция ветерандары В. Ф. Мирошниченко, А. В. Савченко, В. А. Серовым, Ф. И. Здорик, олардың жеке заттары, құжаттары және де фотолары ең бірінші экспонаттар болды. Қазіргі кезде  2 500  астам экспонаттар коллекцияда бар. Мұражайдын көрмесінде – Бірінші отан соғысының уақытындағы мылтыққа найза, орыс қару жасаушы Мосинның «үш сызғышы», арнайы киімдер: қызыл армияның гимнастеркасы, 30 жылдағы милицияның бас киімі.

11_01_7

Жаңғыртуынан кейін мұражайда жаңа дизайн мен жаңа экспонаттар пайда болды, бастысы — электронды түрінің болғаны. Барлық ақпараттар, құжаттамалар жіне тағы да басқалары дисктарда бар, оларды мұражай кинозалында көруге болады.

11_01_8

Саяхаттын соныңда курсанттар Қостанай облысы полицияның жұмысын бейне фильм арқылы қарады.

11_01_9

Курсанттардын айтуынша саяхат қызықты және тартымды болды. Оларды қазіргі кездегі полиция мен кеңестік полицияның құрылу тарихы ең қызықты болды.

11_01_10

Іс-шараға қатысқандар Павел Григорьевич Щедринға мұражайда қызықты және танып білерлік саяхат өткізгені үшін алғыз білдіреді.

 

105 оқу тобының кураторы

Полиция майоры

Акимжанов Ерик

 

201 оқу тобының кураторы

Полиция капитаны

Ақылбекова Әсел