“Таза қала” 04.07.2016 2016 жылдың 3 шілдесінде жастар маслихатының ұйымдастыруымен Қостанай қаласында “Таза қала” акциясы өтті. Акцияның жоғары деңгейде өтуіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттары ат салысты. Қала маңындағы Тобыл өзенінің жағалауын қоқыстардан айнадай қылып тазартып, өздерінің тазалық сүйгіштігін тағы да дәлелдеді. Бұл акция барысында курсанттардың тәртіпке, тазалыққа, ұқыптылыққа деген құрметін іс-шара барасында айқын көрсетіп берді. Акцияға бір адамдай ат салысқан академияның курсанттарына Қостанай әкімдігінің басшылығы риза болып, алғыстарын білдірді. 104 оқу тобының 1 курс курсанты полиция қатарындағы Тұрсынбай Думанжан