Академия курсанттарының мерейі асқақтады

04_03_1 

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының қос бірдей курсанты Қостанай облысы әкімінің  қолынан алғыс хат алып, мерейлері үстем болды.

Оқуда озат, тәрбиелі әрі жан-жақты Академиямыздың белсенді курсанттары полиция сержанты Нұрсұлтан Жорабек Нұрқасымұлы және полиция сержанты Салиха Талғатқызы Успанова әкімнің атынан алған алғыс хатын курсанттық өмірдегі ең бір дәрежелі, құрмет деп біледі.

Нұрсұлтан Жорабек облыс әкімінің атынан «Қостанай облысының әлеуметтік саласына қосқан үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы, оқуда және шығармашылықтағы жетістіктері үшін» деген мәтіндегі құрмет грамотасына ие болды.

 Ал Салиха Успанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы, басшысы  Берген Беспалиновтың «таза сессияны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау» науқанында белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.

Академияның имиджін оң көзқараста қалыптастырып, әрі беделін көтергені үшін бізде Нұрсұлтан мен Салихаға болашақта бұдан да биік беделге жете берсін демекпіз.

04_03_2