Қазақстандық полиция күніне арналған семинар

2016 жылдың 20 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оқу жетекшілері полиция майоры Е.С. Акимжанов және полиция капитаны А.Б. Ақылбековамен бірге Қазақстанның полиция күніне арналған 105 және  201 оқу топтарымен семинар өткізілді.

Семинарда полиция майоры Е.С. Акимжанов «История и значение праздника Дня Казахстанской полиции» атты баянат бойынша сөз сөйледі. Бұл кәсіби мереке 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңмен тығыз байланысты. Заң Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы құқықтық акт болып табылады.

23_05_1

2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусымды Полиция күні деп бекітті.

23_05_2

Қазақстан полициясы күні — полиция қызметкерлері мен полиция ардагерлерінің еңбектерін ескеріп, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Полиция жұмысы бүкілхалықтық құрметке лайықты.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары бойы 400 астам ішкі істер қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды. Жүзге жуық қызметкерлер «Данқ» және «Айбын» ордендерін иеленді. 60  астам полиция қызметкерлері өлгеннен кейін жоғары марапатталған.

Содан кейін полиция капитаны А. Қожахмет «Следователь и его место в системе ОВД» атты баяндамамен шығып сөйледі.

23_05_3

Тергеуші – өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полиция органдарының тергеушісі. Сонымен қатар тергеушінің міндеттері болып табылады:

  • Қылмыстық іс жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдану;
  • Қылмыстық ізге түсуді орындау;
  • Алдын ала тергеу бағытымен тергеу ісін жүргізу жөнінде қабылданған шешімдердің уақытылы және атқарылуы толық жауапты;
  • Заңда көзделген жағдайларда прокурор санкциясын немесе сот шешімін алу.

23_05_4

Әр қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәніне кіретін сұрақтарды, дұрыс шешкен тергеушінің шешімі көбінесе сот үкімінің заңдылығы мен әділдігін алдын ала анықтайды. Сотта қандай процессуалдық дербестігі мен тәуелсіздігі болсада, ол өз бағасын, прокурормен оның қарауына жіберілген қылмыстық іс материалынан шығарады. Тергеуші, ең алдымен қылмыс оқиғасы мен құрамының болуын анықтайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның кінәсін дәлелдейді, қылмыстын заңды бағасын, келтірілген материалдық шығының анықтайды.

Содан соң полиция капитаны А. Ақылбекова «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» тақырып бойынша баяндады.  Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Ішкі істер министрлігінің құзыреті:

  1. Қазақстан Республикасындағы криминогендік ахуалдың жай-күйін және даму үрдістерін талдайды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және қабылдайды;
  2. Жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
  3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
    4. Есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдалануына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  4. Азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
  5. Ішкі істер органдары жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
  6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмнен қорғалуының жай-күйін және олардың басшыларының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңындакөзделген талаптарды орындауын бақылауды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің міндеттері мен қызметімен таңыстырды.

23_05_5

Семинар барысында курсанттардың тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Семинар соңында қорытынды жасалды. Семинарға қатысқан офицерлер курсанттарды алдағы болатын кәсіби Қазақстан полиция күнімен құттықтады.

Семинарға қатысқан үшін ұйымдастырушылар Қожахмет А. алғысын білдіреді.

 

Ерик Акимжанов

105 оқу тобының кураторы

полиция майоры

 

Әсел Ақылбекова

201 оқу тобының кураторы,

полиция капитаны