«Парасатты полицей» атты кураторлық сағат өтті.

Арпалыспен келмесе, шынайы азаттық бола ма?

Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма?

Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

 Н.Назарбаев

Өткен заманда қазақ елінің мүддесін өз батырлары қорғап, кіндік қаны тамған жерді қорғау жолында қан төксе, бүгінгі бейбітшілік заманда ел мүддесін қорғау жолында қызмет ету Қазақстан полицейлерінің қолында болып отыр. Полицей болу да өжеттілік пен парасатты қажет етеді. Парасатты полицей бойынан батырлық пен батылдық, адалдық пен жанашырлық сынды игі қасиеттер табылары даусыз.

Осыған байланысты біздің полицейлердің өз а төл мерекесі бар. Осы айтулы мерекеге орай, 2016 жылдың 21 маусымында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы құқық қорғау мамандығының 1 курстың 102 және 108 оқу тобында «Парасатты полицей» атты тақырыбы бойынша  кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта курсанттарға «Парасатты полицей қандай болу керек?» атты баяндама оқылып және тақырып бойынша сурет салу ұсынылды.

22_01_1

22_01_2

Сонымен қатар курсанттар «Мен полицей боламын!», «Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін!», «Мен болашақ офицермін!» т.б. тақырыбында эссе жазды.

22_01_3

Кураторлық сағат барысында курсанттар өз ойларын еркін айтып, Академияда оқып жүргендеріне тән риза екенін жеткізді.

22_01_4

Жалпы айтқанда кураторлық сағат көңілді де, әрі қызықты өтті. Сонымен қатар, оқу тобының кураторлары да болашақ офицерлерді келе жатқан мейраммен құттықтап, өз тілектерін білдірді.

 

102 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Ж.А.Сабырбеков

108 оқу тобының кураторы

полиция лейтенанты

Н.Ж.Турсумбаева