«23 маусым – Қазақстан Республикасының полиция күні»

Елімізде 23 маусым Қазақстандық полиция күні болып аталып өтеді. Еліміздің тыныштығын қызғыштай қорғаған сақшыларға осы күні көптеген алғыстар, сый-сияпаттар көрсетіледі.

Кәсіби мерекеге орай маусымның 20-сы күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында 107, 202, 206, 302 топтарының курсанттары кураторлық жұмыс шеңберінде топ кураторлары Б.Д. Сұлтанов, Л.Т. Кинжебаева, С.Д. Игликова, Е.Н. Бекжанованың ұйымдастыруымен «Міндет.  Абырой. Ерлік» тақырыбында Академияның БАжҚД институтына кәсіби біліктілігін арттыруға келген әріптестеріміз, полиция қызметкерлері: Қарағанды облысы Сатбаев қаласы ІІД-нің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» бойынша тобының инспекторы полиция капитаны Г.Қ. Жунусовамен және Астана қаласының ІІД Есіл АІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары полиция майоры К.А. Рахмановпен кездесу өткізді.

Бас қосуда бөлім бастығының орынбасары полиция майоры Кенжебек Рахманов баяндама жасап, Ішкі істер бөлімімен қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталды.

21_05_1

Күнделікті атқаратын жұмыстарының қиындығына қарамастан, полицейлердің табандылығы, төзімділігі, қырағылығы, қарапайымдылығы, өз істеріне деген сүйіспеншілігі кімді де болса қайран қалдыратыны анық.

 21_05_2

Кездесу барысында курсанттар өздерін толғандырған бірқатар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар тауып жатты.

 21_05_3

Кездесудің басты мақсаты болашақ мамандық иелерін кәсіби қызметкерлермен байланысын ұйымдастыру және аға ұрпаққа деген інілік ізет-құрметін көрсету.

21_05_4

21_05_5

Кездесу соңында полиция қызметкерлері кәсіби мерекесімен құттықтап, інілік ізет көрсеткендері үшін риза екендіктерін жеткізді.

 

302 -тобының кураторы

полиция капитаны Б.Д. Сұлтанов.