Қазақстан полициясы күніне арналды

Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты 18 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт алаңында күндізгі оқыту факультетінің 2 курстың  214, 215 топтары курсанттарының арасында спорттық шаралар өткізілді.

20_02_1

Қатысушылар екі командаға бөлінді, біреуін психологиялық жұмыс орталығының инспекторы полиция капитаны 214 топтың кураторы Венера Касенова басқарса, екінші команданы оқытудың инновацияляқ технологиялары мен техникалық құрылғылары бөлімшесінің инпекторы полиция капитаны 215 топтың кураторы Сауле Новотеева басқарды.

20_02_2

Спорттық ойындар келесі эстафета ойындары түрінде ұйымдастырылды: жүгіру, доппен жасалатын жаттығулар. Токсанбаева Қырмызы, Темиргалиева Маншук, Ұсманов Сұнғат, Сафина Саясат, Жалғасов Ербол, Көшербаева Жансая, Ұнтабаева Әйгерім, Кабдолданова Назеркелер белсене қатысты.

20_02_3

20_02_4

20_02_5

Эстафета ойындарының жеңімпаздары 215 оқу тобының курсанттары болды. Ал қыздар арасында өткізілген футбол жарысында 214 оқу тобы жеңіске жетті. Кошербаева Жансая қарсыластарының қақпасына голды салды.

20_02_6

Біздің болашақ офицерлер осындай іс-шараларға белсене қатысып, дене дайындық деңгейін аттырып тұрады. Спорт полиция қызметкерінің жалпы дайындығында маңызды рөл атқарады.

20_02_7

 

214 топ кураторы

полиция капитаны

В.С. Касенова

 

215 топ кураторы

полиция капитаны

С.А. Новотеева