Пейнтбол – сергектіктің көзі
(Пейнтбол – заряд бодрости)

Ұжымды жұмылдыру, қарым-қатынасты дұрыстау және таза ауада уақытты тамаша өткізу – бұл пейнтбол ойнау. Осыған орай 2016 жылдың 5 маусымында 113 және 114 оқу топтары курсанттары жетекшілермен демалыс базасына барды.

Пейнтбол – командалық ойын, ол курсанттарға өздерін ұжымдық ортада ұстауға, қарым-қатынастағы олқылықты толықтыруға көмектеседі, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Тек пейнтболда жылдам және дұрыс шешімдер қабылдауға, өзінің шығармашылық және көш басшылық қасиеттерін аңғартуға және бүкіл команданы бір мақсатқа ұмтылдырып үйренуге болады.

Курсанттар қажетті киім-кешектерді және қару-жарақты алғаннан кейін нұсқаушыға барды, онда оларға нақты нұсқаулар берілді және алдағы болатын қаруланған қарсыласулық ұрыстар өтетін алаңмен таныстырылды.

Сенімді қару, досыңның иығы және әскери тапсырма – нағыз әскерге бұдан басқа не керек?! Қатысушылардың көпшілігінің пейнтболды алғашқы рет ойнағандығына қарамастан, бірнеше жаттығулық атыстардан кейін командалар бірден алаңды қорғауға кірісті. Бір жақсысы, «өлтірілгендер мен жараланғандар» ұрыс алаңдарынан жарақатсыз аман-есен шығып жатты. Ал «тірілер» кері шегінбеді және соңына дейін шыдап шықты. Ұрыстар арасындағы үзілістерде қарсыластар бірге күліп, қалжыңдасып бір-бірімен өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп жатты.

Өткізілген іс-шара курсанттарға жағымды әсер етті, олардың көңілдері көтеріліп серігіп қалды, таңғажайып рахаттылықты сезінді!

 

 

Алмагуль Примкулова,

113, 114 оқу топтарының кураторы,

полиция капитаны


Лучший способ сплотить коллектив, наладить общение и просто отлично провести время на свежем воздухе – это игра в пейнтбол. Поэтому 5 июня 2016 года был организован выезд курсантов 113 и 114 учебных групп на базу отдыха.

Пейнтбол – командная игра, которая позволяет курсантам проявить себя в коллективной деятельности, восполнить недостаток общения, даёт возможность проявить организаторские способности. Только на пейнтболе можно научиться принимать молниеносные и правильные решения, проявить свои творческие и лидерские качества и идти к одной цели всей командой.

Получив обмундирование и оружие, курсанты отправились к инструктору, где их подробно проинструктировали и ознакомили с территорией предполагаемого вооруженного противостояния.

Надежное оружие, плечо друга и боевая задача — что еще нужно настоящему солдату?! Несмотря на то, что большинство участников играли в пейнтбол впервые, после нескольких тренировочных выстрелов команды перешли к обороне территории. К всеобщей радости, «убитые и раненые», могли в целости и сохранности покинуть поле боя. «Живые» же не отступали и держались до последнего. В перерывах между боями соперники вместе смеялись, шутили и делились впечатлениями.

Проведенное мероприятие оказало положительное влияние на курсантов, они получили заряд бодрости, огромное количество впечатлений и удовольствия!

 

 

Алмагуль Примкулова

куратор 113, 114 учебных групп

капитан полиции