Мемлекеттік егемендігі мен біртұтастығының белгісі — мемлекеттік рәміздер

1992 жылғы 4 маусым біздің халықтың тарихы мен есінде мәңгілік Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Ту күні болып сақталып қалады.

Елтаңба, ту және әнұран мемлекеттің саяси егемендігі мен тәуелсіздігінің рәміздері болып табылады. 1991 жылы тәулсіз мемлекеттің пайда болғандығы туралы хабар барша әлемді шарлап өтті, оның аты – Қазақстан Республикасы.

Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасы Конституциясының 9 бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар» деп және 34 баптың 2 тармағы: «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп тайға таңба басқандай қылып жазып қойған.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы»

Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы»

Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі. Мемлекеттік Елтаңбамыз — дөңгелек нысанды. Дөңгелек, шығыс қазақтарының аса құрметінде, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін, бұқаның күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың, еңбектің және материалдық ырыстың белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні»

Біздің Отанымыздың гимнінің тарихы: 2006 жылдың 7 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының гимні болып 1956 жылы жазылған «Менің Қазақстаным» өлеңі болды, музыка компазиторы шәмші Қалдаяқоы, сөзі Жұмекен Нәжімеденовтыкі. Өлеңнің текстіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік гимн мәртебесін беретін өзгертулер енгізді. Нұрсұлтан Әбішұлы текст авторының бірі болып табылады.

Ақын Тәжібаевтың сөзінше «Гимн – бұл сөзден құралған жалау». Сөзсіз, гимннің сөздері қасиетті де халыққа жақын болуы керек. Дәл осы талаптарға тың игеру жылдарында жазылған «Менің Қазақстаным» өлеңі сәйкес келді. Бұл өлең барша халықтың санасына және рухына жақын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 желтоқсанда № 1186 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін күнін» тойлау ережесіне сәйкес 2016 жылы 03 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академсиясының қабырғасында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «XXI – ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өткізілді. Ойынның жүргізушісі мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Д.Т.Қарымсакова. Сайыстың құрметті қонағы Заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.В.Брылевский. Сайысқа күндізгі оқыту факультетінің 1-3 курсанттары қатысты. Зияткерлік ойынның ережесіне сәйкес сайыс 5 кезеңнен тұрды. Ойынның әділ өтуіне тілдер кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Г.К.Семятова, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны С.Б.Жакупова, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М.К.Смагулов қазылық етті. Әділ қазылардың шешімімен, курсанттардың білімділіктерінің арқасында күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанты Мырзатаева Қымбат «XXI – ғасыр көшбасшысы» атанды.

Зияткерлік ойынның ерекшелігі мемлекеттік рәміздерді білу мен түсінумен қоса, үш тілдік білімді меңгеру де болды.

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, олардың негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы және мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Отанға деген сүйіспеншілік – рәміздерді құрметтеуден басталады.

 

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының

профессорлық-оқытушылық құрамы