Балалық шақтың базары

03_02_1       

Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ия, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де!

1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып аталып келеді.

Осы мерекеге байланысты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Қостанай және Рудный қалаларындағы мүгедек балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап іс шаралар өткізді.

Мерекені Академияның саптық алаңында спорттық көрнекі көріністерімен және саптық шерумен ашып, эстетикалық тәрбиелеу орталығында концерттік бағдарламамен жалғасты.

Іс-шараның соңында мерекеге келген балаларға шағын сыйлықтар тапсырылды.

03_02_2 03_02_3 03_02_4 03_02_5 03_02_6 03_02_7 03_02_8 03_02_9 03_02_10 03_02_11