Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
(Расширение международного сотрудничества)

2016 жылдың 30 мамыры мен 2 маусымы аралығында Исламабадта (Пакистан) Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасының «Инъекциялық есірткіні қабылдаушы адамдардың арасындағы ВИЧ инфекциясының зиянын төмендету және алдын алу бойынша бағдарламаларды мысалға алғандағы қоғамдық денсаулық сақтаудағы құқық қорғау органдарының рөлі» оқу құралы бойынша оқу орындарының оқытушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аймақтық тренинг өткізілді.

Тренинг жұмысына Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Иран және Пакистан елдерінен өкілдер қатысты.

Тренинг үрдісінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдық денсаулық сақтаудағы рөлі және халықтың осал топтарымен жұмыстың маңыздылығы туралы сұрақтар талқыланды. Тренингтің практикалық сессияларында ВИЧ инфекциясының алдын алу бағдарламалары және түрлі осал топтармен жұмыс туралы интерактивтік пікір-талас бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен өткізілді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысындағы гигиена және қауіпсіздік сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар, БҰҰ ЕҚБ оқу құралын ұлттық деңгейде құқық қорғау жүйесінің білім беру мекемелеріне енгізу бойынша сұрақтар және талқыланатын тақырып аясындағы оқу орындарының білім беру бағдарламалары бойынша білім беру мекемелерінің оқытушыларының арасындағы тәжірибе алмасу талқыланды.

Тренинг аяқталғаннан кейін оған қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

 

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру

кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

Н. Тулкинбаев

 


 

С 30 мая по 2 июня 2016 года в городе Исламабад (Пакистан) состоялся региональный тренинг для преподавателей учебных учреждений, сотрудников правоохранительных органов по учебному пособию Управления ООН по наркотикам и преступности «Роль правоохранительных органов в общественном здравоохранении на примере программ по снижению вреда и профилактики ВИЧ среди людей, потребляющих инъекционные наркотики».

В работе тренинга принимали участие представители Республики Казахстан, Киргизии, Узбекистана, Таджикистана, Туркменистана, Афганистана, Ирана и Пакистана.

В процессе тренинга обсуждались вопросы о роли сотрудников правоохранительных органов в охране общественного здоровья и важности работы с уязвимыми группами населения. На практических сессиях тренинга проводились интерактивные дискуссии о программах профилактики ВИЧ и работе с различными уязвимыми группами с участием представителей сообщества, рассматривались вопросы гигиены и безопасности при выполнении сотрудниками правоохранительных органов своих служебных обязанностей. Кроме того, обсуждались вопросы по внедрению учебного пособия УНП ООН в образовательные учреждения правоохранительной системы на национальном уровне и обмен опытом между преподавателями образовательных учреждений по образовательным программам учебных заведений в рамках обсуждаемой темы.

По окончании участникам тренинга были выданы сертификаты.

 

 

Начальник кафедры

организации социальной работы в ОВД

полковник полиции

Н. Тулкинбаев