Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

02_02_1

2016 жылғы 31 мамыр күні Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов және ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі М. Қызылов және  бір топ курсанттар қала орталығындағы «Жеңіс» саябағының ішінде орналасқан «саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған ескерткіш басына жиналып, бір минуттық үнсіздікпен құрбандарды еске алып, гүл шоғын қойды.

02_02_2

«Өлі риза болмай, тірі байымас» дегендей, кейінгі ұрпаққа тәлім тәрбие беретін іс шара біздің курсанттар үшін үлкен тәрбие болды.

02_02_3

Осыдан 19 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен 31 мамыр – «ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» болып бекітілді. Міне содан бері осы 31 мамыр елімізде құрбандарды  еске алу күні болып аталып келеді.

02_02_4

Бұл күні әр ұрпақ өздерінің қуғын-сүргін уақытында құрбан болған аталарын, әжелерін еске алып, құлшылық етеді.

02_02_5 02_02_6 02_02_7 02_02_8 02_02_9 02_02_10

02_02_11