Дәстүрлі олимпиада!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 1-ші маусым күні  кезекті мықтылар жарысы «Дәстүрлі олимпиада»  өткізілді.

Бұл жарыста Академиямыздың 2 және 3 курс курсанттарының арасынан ең мықты деген курсанттар қатысып, күш сынасты.

Жарыс көптеген байқаулардан тұрды. Айта кететін болсақ: дзюдо, еркін күрес, қоян-қолтық ұрыс, эстафета, зіл темір көтеру, жүгіріс,  теориялық және шешендік «дебат» сайыстарынан тұрды.

Жарыс қорытындысына келер болсақ барлық жарысқа қатысып, аямай күш сынасқан курсанттарымыз жүлделі орындарға ие болды.

3 курс жеке құрамының спортшылары бас жүлдені өз қанжығаларына байлап, тағы бір мәрте өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Басқа да жарысқа қатысқан спортшыларымыз жүлделі орындар қатарынан көрінбеседе, көремендердің делебесін қоздырып, жақсы ойын көрсете білді.

Жарыс соңында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан» жеңімпаздар Академия бастығының мақтау қағаздарымен жеке-жеке марапатталды.

Академиямызда осындай жарыстар одан әрі жалғасын тапсын деп айтқым келеді. Алар жеңісіміз, асар белесіміз көп болсын!

 

 

3 курс бастығының орынбасары

полиция аға лейтенанты

А.Ж.Мукашев