«Бізге 45 жыл. Мерейтоймен!»

01_01_1

2016 жылғы қыркүйек айында Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы оқу орны болып қалыптасқанына 45 жыл толуын тойлайды.

Оқу орнының қалыптасу тарихы 1971 жылғы 1 қарашада кіші және орта басшы құрамды даярлайтын Қостанай облысаралық мектептен басталды, өзінің дамуы барысында оқу орнымыз колледж, жоғары мектеп, заң институты, Академия деген кезеңдерден өтті.

Оқу орнының нақты хронологиясын қарастыратын болсақ, ол мына кезеңдерден тұрады: 1971 жылы – Қазақ КСРО ІІМ кіші және орта басшы құрамды даярлайтын Қостанай облысаралық мектеп; 1993 жылы – ҚР ІІМ Қостанай арнайы орта мектебі; 1995 жылы – ҚР ІІМ Қостанай жоғары милиция мектебі; 1998 жылы – ҚР ІІМ Қостанай заң институты; 2004 жылы – ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты; 2008 жылы — ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай академиясы; 2011 жылы – ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай академиясы, 2012 жылы – ҚР ІІМ Қостанай академиясы, ал 2014 жылы Академияға Шырақбек Қабылбаевтың құрметті атағы берілді (1954-1959 жж. және 1967-1973 жж. Қазақ КСРО Ішкі істер министрі).

1996 жыл оқу орнымыз үшін айтулы жыл болды, өйткені оқу орны ескі аэропорт ауданынан бұрынғы Қостанай құрылыс техникумының базасына көшті. Солтүстік аймақта ҚР ІІМ алғашқы жоғары мектебінің ашылуы басынан басталды, бұрынғы құрылыс техникумының аумағына көшкенде барлығын өзгерту керек болды, өйткені дәрісханалардың және оқу залдарының орнына шеберханалар мен зертханалар болған еді. Болашақ Академияны барлығы: курсанттар да, оқытушылар да өз қолдарымен құруға кірісті. Оқу орны жаңа дәрежеге ие болғаннан кейін ұжымның алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойылды. Біріншіден, оқытылатын оқу материалдарының мазмұны мен көлемі кеңейді. Оқу пәндерін оқытудың сапасын жоғары оқу орнының стандарттарына сәйкес жаңа сатыға ауыстыру қажеттілігі туындап, оқу орны ұжымының әлеуетін сақтап қалу үшін құрылымдық реформалау жұмыстарын жүргізу қажет болды. Осылайша, оқу орнымыз біртіндеп, жаңа сатыға көтеріліп, жаңа идеялар туындайтын өзінше бір «шығармашылық зертханаға» айнала бастады.

Осылайша, жоғары орнының жаңа аумағында оқу дәрісханалары, кітапханалар, спорт кешені, жатақханалар, кір жуу-монша кешені, плац, курсанттарға арналған 800 орындық асхана, сонымен қатар көптеген маңызды объектілер қалыптасты, олар оқу орнының бөлінбес бір бөлшегі ретінде орнығып, қазіргі таңда осы объектілердің жемісін көрудеміз.

Жоғары оқу орнын құру жолында ауқымды жұмыстар атқарылды, осы жұмыстың үлкен бір жетістігі ретінде 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың оқу орнымызға келіп, Оқу орнының Туын табыстағаны саналады. ҚР ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарының ішінен тек біздің оқу орнымыз ғана осы марапатқа ие болды.

Қазіргі таңда Академия келесі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:

5В030300 – Құқық қорғау қызметі –  2004 жылдан бастап (оқыту нысаны – күндізгі және сырттай);

5В010300 – Педагогика және психология – 2006 жылдан бастап (оқыту нысаны – күндізгі және сырттай);

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс – 2012 жылдан бастап (оқыту нысаны – күндізгі).

Жоғары оқу орнынан кейін мамандарды даярлау магистратурада «6М030300 – Құқық қорғау қызметі» (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы) мамандығы бойынша және Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының базасында қосымша білім беру оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары кәсіби білім беретін оқу орны болып қалыптасқаннан кейінгі уақытта, яғни ішкі істер органдарына мамандар даярлаған 20 жылдан астам уақытта, Академия 7 мыңнан астам жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлады (оның 27-сі – Тәжікстан Республикасының мамандары), 5 мыңнан астам маман қосымша кәсіби біліммен, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша – 70 магистр даярлады.

Бүгінгі таңда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы – қарқынды даму үстіндегі ведомстволық оқу орны, Академия өзінің алдына Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жоғары білікті мамандарды жаңа форматта сапалы даярлауды мақсат ретінде қояды.

45 жыл – керемет жас! Кафедра ұжымы Академия басшылығын, қызметкерлерді, оқытушыларды, курсанттар мен түлектерді мерейтоймен құттықтайды. Өткен жылдарда Академия көптеген білікті мамандарды даярлап, тәрбиеледі, олар қазіргі таңда тәжірибелік қызметте жемісті қызмет етуде. Бұл – өз ісіне адал, шын ниетпен берілген профессорлық-оқытушылық құрамның ерен еңбегі. Әріптестерімізге Академияның болашақтағы дамуы жолында жемісті еңбек етіп, мол табыстарға иелене беруіне, ал Академиямызға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына талап етілетін білікті мамандар даярлау жолында тек қана үздіктердің қатарынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

«Нам 45 лет, с юбилеем!»

В сентябре 2016 года 45 лет со дня образования учебного заведения празднует Костанайская академия МВД РК имени Шракбека Кабылбаева.

История образования учебного заведения началась с 1 ноября 1971 года Кустанайской межобластной школы подготовки младшего и среднего начальствующего состава, и в своем развитии учебное заведение последовательно прошло такие стадии как колледж, высшая школа, юридический институт, Академия.

Если просмотреть точную хронологию развития учебного заведения, то она выглядит в следующих этапах: 1971 год — Кустанайская межобластная школа подготовки младшего и среднего начальствующего состава МВД Казахской ССР; 1993 год — Кустанайская специальная средняя школа МВД РК; 1995 год — Кустанайский юридический колледж МВД РК; 1996 год — Кустанайская высшая школа милиции МВД РК; 1998 год — Костанайский юридический институт МВД РК; 2004 год — Костанайский юридический институт Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции РК; 2008 год — Костанайская академия Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции РК; 2011 год — Костанайская академия КУИС МВД РК, 2012 год – Костанайская академия МВД РК, а в 2014 году Академии присвоено почетное имя Шракбека Кабылбаева (Министр внутренних дел Казахской ССР 1954-59 гг. и 1967-73 гг.).

Хочется отметить, что именно 1996 год стал поистине исторически знаковым событием для учебного заведения, поскольку в это время произошла передислокация учебного заведения из района старого аэропорта на базу бывшего Кустанайского строительного техникума. Создание первой в северном регионе высшей школы МВД РК начиналась с нуля – переезд на территорию бывшего строительного техникума, где вместо лекционных залов и учебных классов были строительные мастерские и лаборатории. Будущую Академию строили своими руками все вместе: и преподаватели и курсанты. С приобретением нового статуса высшего учебного заведения перед коллективом появились новые задачи и приоритеты. Прежде всего, расширился объем и содержание преподаваемого учебного материала. Возникла необходимость в переводе качества преподавания учебных дисциплин на новый уровень в соответствии с вузовскими стандартами. Потребовалось осуществить структурное реформирование учебного заведения с целью рационального использования потенциала коллектива. Так, учебное заведение постепенно обогащалось и превращалось в своеобразную «творческую лабораторию», где рождались новые идеи.

Таким образом, на новой территории вуза были построены и реконструированы учебные аудитории, библиотеки, спортивный комплекс, общежития, банно-прачечный комплекс, плац, столовая для курсантов на более 800 посадочных мест, а также многие другие жизненно важные объекты, ставшие неотъемлемой частью успешно функционирующего учебного заведения.

Итогом огромной проделанной работы по созданию высшего учебного заведения в 1997 году стало посещение Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым нашего вуза и вручение Знамени учебного заведения. Среди ведомственных вузов МВД РК только наша Академия была удостоена этой чести.

В настоящее время Академия осуществляет образовательную деятельность по следующим специальностям:

5В030300 – Правоохранительная деятельность – с 2004 года (формы обучения – очная и заочная);

5В010300 – Педагогика и психология – с 2006 года (очная форма обучения);

5В090500 – Социальная работа – с 2012 года (очная форма обучения).

Подготовка специалистов с послевузовским образованием осуществляется в магистратуре по специальности «6М030300 — Правоохранительная деятельность» (научно-педагогическое и профильное направления) и образовательным учебным программам дополнительного образования на базе Института повышения квалификации и переподготовки.

Будучи с 1996 года образовательным учреждением высшего профессионального образования МВД Республики Казахстан, за более чем 20-летний период подготовки специалистов для органов внутренних дел Академия выпустила свыше 7 тысяч специалистов с высшим профессиональным образованием (из них 27 – для Республики Таджикистан), свыше 5 тыс. специалистов — по линии дополнительного профессионального образования, по линии послевузовского образования – 70 магистров.

Сегодня Костанайская академия МВД РК имени Шракбека Кабылбаева – это динамично развивающееся ведомственное учебное заведение, которое видит своей целью качественную подготовку высококвалифицированных специалистов для органов внутренних дел Республики Казахстан новой формации.

45 лет — прекрасный возраст! Коллектив кафедры поздравляет руководство Академии, сотрудников, преподавателей, курсантов и выпускников с юбилеем. За эти годы Академия подготовила и воспитала целую плеяду квалифицированных кадров, которые успешно трудятся в практической деятельности. Этот результат — бесспорная заслуга профессорско-преподавательского коллектива – людей, искренне преданных своему делу. Желаем коллегам процветания, всевозможных успехов и плодотворной деятельности на благо развития Академии, а нашему вузу оставаться передовым в подготовке квалифицированных специалистов и дальше выполнять свою миссию — готовить востребованные кадры для органов внутренних дел Республики Казахстан!

Начальник кафедры уголовного, уголовно-исполнительного права

и криминологии полковник полиции М. Шалгимбаев