«Жақсылық жағажайы» атты авторлық әндер кеші өтті

2016 жылдың 20 мамырында «Мирас» МҮ-де музыкант, ақын, философ, «Қостанай аккорд» бард әндерінің алғашқы облыстық фестивалінің Гран-при иегері Владимир Петрович Пыжевскийдің «Жақсылық жағажайы» атты өткізілген шығармашылық кешіне ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 205 және 304 оқу топтарының курсанттары қатысып, тамашалады.

21_01_1
В.П. Пыжевскийдің шығармашылығы көпқырлы, әртүрлі жанрларды қамтиды. Оның шығармашылығының қатарында 30-дан аса жеке авторлығындағы әндер бар. Музыка өнеріне баға жетпес еңбегін қосқан. Шығармашылық кеш барысында жүргізуші музыканттың өмірі мен шығармашылығы жайында сөз етіп, колледждер мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар басқа да көрермендерге «Жетістікке жету жолы» атты бейнеролик ұсынылды.

21_01_2

Ақын өзінің отансүйгіштікке, махаббатқа арналған әндерін орындап, тыңдармандарға деген ілтипатын білдірді. В.П. Пыжевскийдің қай тақырыпта жазған әні мен өлеңі болмасын, тыңдарман жүрегіне жылу ұялататын, ерекше күйге бөлейтін тамаша туындылар.

21_01_3

Кеш соңында келген қонақтар алғыстарын білдіріп, өздерінің орындарынан тұра ақынға қожемет көрсетті. Осыдан-ақ, музыканттың өнерін бағалайтын адамдар аз емес екендігіне көз жеткізуге болады.

«Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,

Басады ол деміңді шаршағанда.

Қасиеттің киелісі — өнер деген,

Сыйлайды ол рахатын, барша жанға», — деп, бүгінгі кеш иесінің шығармашылық жолында табыс тілей отыра, үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.

Шығармашылық кештің курсанттар мен қонақтардың көңілінен шыққаны сөзсіз!!!

 

 

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушылары:

полиция капитаны  Р.Калиярова

полиция капитаны  М. Олексюк