Курсанттар Қостанай облысының мұрағатында болды

Қостанай облысының 80 жылдығын және Ұлы педагог, ағартушы Ы. Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 105, 201 оқу топтарының курсанттарына Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының құжаттарды жариялау мен пайдалану бөлімінің жоғары дәрежелі мұрағатшысы Карпухина Анна Александровна экскурсия өткізді.

18_01_1

«Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ облыстың ең көне мұрағат мекемесі болып есептеледі. Мұрағаттың көп жылдық тарихы бар. 2013 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік мекеме өзінің 90 жасқа толу мерейтойын атап өтті.

18_01_2

Облыстық мемлекеттік мұрағатта 1917-2005 жж. құжаттар сақталған. Торғай облысы Қостанай уезінің (1850-1919 ж.ж.) метрикалық кітаптарының қор-коллекциясы және де Уақытша үкіметінің жергілікті мекемелерінің қорлары (1917-1918 ж.ж.).

18_01_3

Мемлекеттік мұрағатта сақталған құжаттардың негізгі бөлімі орыс тілінде жазылған. Қазақ тілінде ұсынылған құжаттар араб, латын және орыс графикасы арқылы жазылған. Украин, неміс, корей және татар, француз тілдеріндегі құжаттар да кездеседі, бірақ аз көлемде.

18_01_4

Мұрағат құрамына 6 құрылымдық бөлімше кіреді, онда өз ісін білетін энтузиастар, 30-дан астам білікті мамандар еңбек етеді, оның 25-і жоғары білімді қызметкерлер.

18_01_5

Алдымен дәріс оқылды, оқу барысында мұрағат қорларындағы сақталатын ең қызықты түпнұсқа құжаттар көрсетілді, содан кейін курсанттар облыстық мемлекеттік мұрағаттың барлық бөлімдері, олардың жұмысымен танысты.

18_01_6

Экскурсияда мұрағат қоймалары үлкен қызығушылық тудырды, мұрағат қоймаларында курсанттарға құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мұрағаттық қызмет көрсетілді. Экскурсияның соңында «Ибрагим Алтынсарин. Проливший свет во тьме» фильмі және «Архивная летопись Великой Отечественной войны» фотоқұжаттық көрме көрсетілді

105 оқу тобының жетекшісі

полиция майоры

Е.С. Акимжанов

201 оқу тобының жетекшісі

полиция капитаны

А.Б. Ақылбекова