Фестиваль жарыстары басталды

Бүгін ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Студенттік көктем – 2016» атты жоғары оқу орындары арасында ХХІІ-ші студенттер көктемі фестивалінің кейбір жарыс түрінен сайыстар басталды. Фестивальге Қостанай облысының 8 жоғары оқу  орнының 500-ден астам қатысушылары қатысуда.

Академияның акт залында «Ғылым жастар көзқарасымен» атты курсанттар мен студенттер арасында халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өз шымылдырығын ашты.

Конференцияның ашылу салтанатында Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, ғылым жолында аянбай еңбек етулеріне тілектестік білдірді.

Конференциядан кейін «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты екі лиганың (қазақ-орыс) пікір-талас турнирі басталды. Аталмыш турнирді Академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі Олжас Сейітжанов құттықтау сөз сөйлеп, ашты.

Пікір-талас турнирі өз жалғасын тауып, кейін «қазақ күресі», «шағын футбол» жарыстарының ашылуымен ұласты.

«Қазақ күресі» жарысына 8 оқу орнының көптеген балуандары бақ сынасып жатыр. Күрестің жеңімпаздарын алдағы уақытта жазамыз. Әзірге жарыс жеңімпаздары анықталған жоқ.

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі бүгін сағат 16.00-де Академияның саптық алаңында облыс әкімі және басқа да оқу орындарының ректорларының қатысуымен болады.

 

 

 

 

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының

баспасөз хатшысы    Мейрам Оспанов