Сергіту сәті

2016 жылы 2 мамыр күні 201 топтын жетекшісі, полиция капитаны А.Б. Ақылбекова 1-курс магистранты, полиция аға лейтенанты М.А. Жұмашевпен бірге 201 топтын курсанттарын демалыс күні көңіл-күйлерін дамыту үшін «Золотой фазан» демалыс базасына апардық.
Өткізу мақсаты: Курсанттардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірге басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарламаларын сыртқы іс-әрекеттерден көру және анықтау.

12_04_1

Сергіту барысында курсанттар арасында ұжымдық бірлікті дамытуға арналған тренингтік іс-шаралар, шығармашылық сайыстар және де психологиялық ойындар өткізілді. Топтын қыздары балаларды кележатқан Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.

12_04_2
Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады деп ойлаймыз.

201 топтын жетекшісі
полиция капитаны
А. Ақылбекова

1-курс магистранты
полиция аға лейтенанты
М. Жұмашев