Мамыр айы мерекеге толы

12_01_1

Мамыр айы өзінің мерекеге толы күндерін бірге әкелетінін барша жұртшылық өте жақсы біледі. 1-ші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен басталып, Ұлы жеңістің мерейлі тойымен аяқталады.

Осы мерекелерді атап өтуді ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы да көңілден тыс қалдырған көрген емес. Олай дейтін себебім, 7-ші мамыр күні Академияның акт залында ер азаматтарға арналған ханымдардың ұйымдастыруымен  концерттік бағдарлама ұсынылып, сый –сияпаттар тарту етілді.

12_01_2

Концерт барысында Академияның нәзік жандылары ер-азаматтарға жүрек жарды лебіздерін айтып, әннен шашу шашты.

Темірдей қатал тәртіпте қызмет етіп жатқан академиялық азаматтар көңілді концертте бір серпіліп қалды.

12_01_3

Мерекелік концерт соңында Академия бастығы полиция полковнигі М. Қызылов концертті ұйымдастырушы барлық ханымдарға ер азаматтардың атынан алғысын айтып, болашақта да осылай ауыз біршілігіміз нығая берсе, нұр үстіне нұр деп, тілге тиек етті.

12_01_4

Ал 9 мамыры күні, Қостанайда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған шеру болып өтті. Орталық алаңға жергілікті билік өкілдері, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлерімен қатар бейбіт күнді ұрпақтарына мұра етіп қалдырған батырларымыздың рухына бас иіп, алғыс айту үшін мыңдаған қостанайлық тұрғын жиналды.

12_01_5

Жиыннан соң шеру ерлер есімі жазылған құрмет тақтасына гүл шоқтарын қою үшін Жеңіс саябағына қарай бағыт алды.

12_01_6

Осы жиынға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшы құрамымен бірге курсанттар да бабалар рухына бас иіп еске алып, гүл шоқтарын қойды.

12_01_7

Міне, Ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеп отырмыз. Осы сәтті сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

Міне осылай мамыр айында толы мерекелерді академиялықтар әдемі көңіл күймен қарсы алды.

 

 

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

  полиция полковнигі        

Балым Құрманғалиева