Шағын футболдан жарыс өтті.

04_10_1

Мамыр айының 2-ші жұлдызында ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында Курс басшылығы мен 108-топ курсанттарының арасында шағын футболдан жарыс өтті. Ойын өте керемет, әрі жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Ойын басталысымен қос тарап бір-біріне дәл соққыларымен, тегеурінді шабуылдарымен әрекет жасап, ойынды қыздыра түсті. Аяқ допшылар арасында басшылық тарапынан курс бастығы Кусеубаев Азамат Бралинович өзінің керемет пастарымен көзге түссе, курс бастығының орынбасарлары Альменов Азамат Серікжанович, Каленов Баймурат Аманжолович және Жандауов Багдат Еркинович өздерінің үздік жойқын соққыларымен ойынды қыздыра түсті. Ал 108-топ тарапынынан Сейдіманап Жасұлан және Сүндет Бексұлтан сынды аяқ допшы курсанттар өздерінің керемет соққы, әрі шебер әдістерімен көрермендерді таң қалдырды. Ойын соңы 5:5 есебімен тең аяқталып, пенальтиге ұласты. Бұл кезеңде мықтылық, мергендіктерін танытып, 108-топ жеңіске жетті.
Осылайша 108-топ және курс басшылығы арасындағы ойын көрермендер жүрегіне жылы жол тауып, көңілдерін көтерді.
Естеріңізге сала кетсек 108-топ курс аралық сайыста да жеңіске жеткен болатын.

104 оқу тобының
1 курс курсанты
полиция қатарындағы
Тұрсынбай Думанжан