Кәсіби шеберлік — болашақ қызметкерлердің маңызды қасиеті

Заңдылықты сақтау мен құқықтық тәртіпті бекіту бойынша қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне жоғары талаптарды қажет етеді және ол ұдайы өсуде.

Кәсіби біліктілікті қалыптастыру — мамандарды дайындаудағы маңызды тапсырмалардың бірі, ал оның шешімі кәсіби оқытудың негізгі мазмұны мен әдістерін анықтайды. Кәсіби қызметке маман-тұлғаны дайындауының арнайы тарапы ретіндегі кәсіби біліктілік — кәсіби тапсырмаларды салауатты шешуге мүмкіндік беретін кәсіби оқытудың жоғары дәрежесі.

29_02_1

Құқық қорғау қызметі маманының шеберлігі арнайы-заң білім беруден және кәсіби-психологиялық дайындықтан құралады. Соңғысы жәбірленушілермен, күдіктілермен, сотталғандармен сөйлесу өнерімен, оларға әсер ете білу мүмкіндігімен байланысты шартталған.

Кәсіби білім — болашақ маман санасының игілігі болған кәсіби маңызды мәлімет. Білімге негізделген маман өмірдің, құқықтық саланың мән-жайын ұғынады, алдында тұрған тапсырмаларын шешуін жоспарлайды, қызметтік функцияларын орындаудың жолдарын ойластырады, пайда болған мәселелерді зерттеп, шешімнің мақсаты мен тапсырмаларын анықтайды, шешімді дайындайды, әрекеттің тәсілдерін таңдап, әрекетін бақылап, бағалайды. Осының барлығын терең әрі жан-жақты түсінген адамның кәсібилігі жоғары, қызметі де сәтті бола түседі. Конфронтация, қылмыскермен күрес жағдайында мұндай мамандар жеңеді, өйткені олар көп біледі, барлық аспектілері мен ерекшеліктерін терең түсінеді.

Аталған мақсаттарға жету үшін 2016 жылдың 19-28 сәуір аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша КОФ 2 курс курсанттары арасында кәсіби шеберлік байқауының 3 деңгейі өткізілді. Байқауға КОФ 2 курсының 21 курсанты белсенді қатысты.

29_02_2

Байқаудың 3 деңгейін өткізу үрдісі төрт негізгі және бейіндік пәндер: ҚР Әкімшілік құқығы, ІІО қызметкерлерінің кәсіби этикасы, ҚР Қылмыстық құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша екі кезеңнен құрылған. 1 кезең – теориялық білім деңгейлерін анықтау мақсатында пәндер бойынша тестілік тапсырмалардың курсанттармен орындалуы көзделген. 2 кезең — тәжірибелік дағды мен білім деңгейлерін жеке көрсету және оларды шеше білу мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін анықтау үшін тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығуларды орындау көзделген.

29_02_3

Кәсіби шеберліктің 3 деңгейінің нәтижелері бойынша КОФ 2 курсының курсанттары арасынан комиссия келесі курсанттарды үздік деп таныды: мемлекеттік тілде оқытылатын оқу топтары арасында Ильясов Руслан (95 б.), Умарова Ұлжан (90,4 б.), Тезекбаев Ринат (87,25 б.); орыс тілде оқытылатын оқу топтары арасында Дядюшка Анастасия (93,4 б.), Шемет Татьяна (90,5 б.), Сейтжанова Асем (78,4 б.).

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны  Р. Калиярова