Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет

28_10_1

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес.
2016 жылғы 27 сәуірінде М.Хәкімжанова атындағы Қостанай қаласының №20 орта мектебінде 7-сыныптары оқушыларымен ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының лекторлық тобының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Калиярова Рима Болатовна және күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанты полиция қатарындағы Оразбаева Ботагөз Жанатовна «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтары» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында дәріс өткізді.

28_10_2
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. ҚР Конституциясын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, еліміздегі кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық санын азайтудың бірден бір шаралары ретіндегі кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты ескерту және алдын алу, оқушыларға заңды түсіндіру.

28_10_3
Дәріс оқу барысында оқушылардың назарларына бейнесюжет ұсынылды. Дәріскерлер мен оқушылар арасында кері байланыс орнатылды. Оқушылар белсенділіктерін көрсете отырып, өз тарапынан қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарына толық жауаптарын алды.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба, — деп арқалы ақын
Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.

28_10_4

 

 

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Р. Калиярова