«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» байқауы өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы апталығы шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты шығармашылық байқау өтті.

Бұл байқаудың шығармашылық деп атауы, барлық курсанттар өз еңбектерімен қабырға газеттерін шығарып, академия қабырғаларын безендірді.

Байқауға Академия күндізгі оқыту факультетінің 2-3 курс оқу топтары қатысты.  Байқау барысында ұсынылған жұмыстарды Академия бастығының орынбасарлары: полиция полковнигі Е. Қаппасов, полиция подполковнигі А. Нурушев, тәрбие бөлімінің  инспекторы полиция майоры Қ. Төретаев пен мемлекеттік тілді дамыту бөлімшесінің бастығы Қ. Эльмуратовтан құралған қазылар алқасы және Академия қызметкерлері өз бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Бағалау барысында курсанттардың шығармашылық қабілеттері мен жемқорлыққа қарсы көзқарастары есепке алынды.

         Сайыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

         1 орын — 310 топ.

         2 орын — 208 топ.

         3 орын – 209 топ.

12_05_1

Академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Е.Қаппасов пен полиция подполковнигі А.Нурушев жұмыстарды бағалау үстінде.

12_05_2

Екінші орын иегері 208 топ.

12_05_3

Үшінші орын иегері 209 топ.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару және

криминология кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция майоры  Г.Кажикова