Ғылым таппай мақтанба!

2016 жылғы 11 сәуірде  Қазақстан Республикасында «Ғылым күні» аталып өтіледі. Осыған орай, қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология  кафедрасының «Правоведъ» курсанттар ғылыми үйірмесі үшін сәуір айы жеңіске толы ай болды. Үйірме мүшелері көптеген ғылыми додаларға қатысып жүлделі орындарды иеленді. Соның бірі, ҚР Білім және ғылым министрлігімен өткізілген заң пәндері бойынша жалпыакадемиялық ғылыми жұмыстар байқау сайысында бірінші орындарға ие болған 3 курс курсанты Әдемі Сүлейменова (ғылыми жетекшісі Қалиярова Р.Б.) және 2 курс курсанты Әйгерім Ибраева  (ғылыми жетекшісі Симонова Ю.И.), сонымен қатар ҚР ІІМ оқу орындары арасында заң пәндері бойынша жалпыакадемиялық ғылыми жұмыстар байқау-сайысында бірінші орынға ие болған 2 курс курсанты Әйгерім Егеубаева (ғылыми жетекшісі Симонова Ю.И.) және үшінші орынға ие болған 2 курс курсанттары Әсем Әскербек және Жансұлу Абдулланы (ғылыми жетекшісі Қалиярова Р.Б.) мақтанышпен айтуға болады.

12_04_1

8 сәуірде ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Айқын бағдар, мерейлі міндет»  тақырыбында өткен, жоғары оқу орындары арасындағы республикалық ғылыми-теориялық конференцияда 1 дәрежелі дипломмен Матжанов Дихан (ғылыми жетекшісі Сүйеубаева З.М.), 2 дәрежелі дипломмен  Алдоңғар Гүлназ (ғылыми жетекшісі Кажикова Г.Н.), 3 дәрежелі дипломмен Романюк Элла (ғылыми жетекші Симонова Ю.И.)  марапатталып, өз білімдерімен айқын көзге түсті.

12_04_2

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, осы жеткен жетістіктердің барлығы ­­– кафедра оқытушыларының ерен еңбегі, осы орайда, Академия бастығының алғысымен марапатталған кафедра оқытушылары  Ю.И. Симонова мен Р.Б. Қалиярованы  атап өткім келеді.

Болашақта барлық ғылыми жетекшілер мен курсанттар  ғылым жолында тек қана биік белестерден көрініп, тың жаңалықтар ашуға өз үлестерін қоса берсін деп тілейміз!!!

ҚР ІІМ оқу орындары арасында заң пәндері бойынша жалпы академиялық ғылыми жұмыстар байқау-сайысының жүлдегерлері.

12_04_3

ҚР БҒМ және ҚР ІІМ  оқу орындары арасында заң пәндері бойынша жалпы академиялық ғылыми жұмыстар байқау-сайысының жүлдегерлері ғылыми жетекшімен.

ҚР БҒМ оқу орындары арасында заң пәндері бойынша жалпы академиялық ғылыми жұмыстар байқау-сайысының жүлдегері ғылыми жетекшімен

12_04_4

ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Айқын бағдар, мерейлі міндет»  тақырыбында өткен, жоғары оқу орындары арасындағы республикалық ғылыми-теориялық конференцияда 1 дәрежелі дипломмен Матжанов Дихан, ғылыми жетекшісі Сүйеубаева Замзагүл Мырзалықызы.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция майоры  Г.Н. Кажикова